478
Ислам ғылымхалы
– кедей көршілеріне, қалған үштен бірін садақа ретінде
тарататын».
Уәжіп болсын, нәпіл болсын құрбандыққа шалынған
малдың етін, терісін, сирақ-басын және сүтін сату –
мәкрүһ. Құрбан малының аталмыш бөлшектері сатылған
жағдайда құны кедейлерге садақа ретінде беріледі.
Құрбанға шалынған малдың ешқандай бөлшегінен
қасаптың ақысы ретінде төлеуге болмайды.
Хз. Әлидің былай дегені риуаят етілді:
«Аллаһтың
Елшісі (с.а.у.) түйелер құрбандыққа шалынған уақытта
басында тұруымдыжәне терілері мен жүндерін тара-
туымды әмір етті. Олардың ешбір нәрсесін қасап ақысы
ретінде беруге маған тыйым салды. «Қасап ақысын біз
өзіміз береміз»
461
,
– деді.
Құрбандыққа шалынған малдың терісін кедейлерге,
қайырымдылық қорларына беруге болады.
Құрбандыққа арнайы мал алып соймай,
орнына сол құрбанның құнын ақшалай
садақа ретінде кедейлерге беруге бола ма?
Құрбандықта қан ағызу негіз болғандықтан мал
сойып, қан ағызбаса, құрбандық міндеті мойнынан
түспейді.
Көз жұмған кісі үшін құрбан шалуға бола
ма?
Өлген кісі өзінің атына құрбан шалуды тапсырып
кетпесе де, сауабын өліге бағыштау ниетімен құрбан айт
күндерінде құрбан шалуға болады. Шалған құрбанының
етінен жеуіне рұқсат. Бірақ өлінің тапсырып кеткен
461
Муслим, Хаж,348.