Previous Page  475 / 520 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 475 / 520 Next Page
Page Background

475

Құрбан

Сойылатын жерге жете алмайтын дәрежеде

әлсіз

Құлағы немесе құйрығы тумадан жоқ немесе

басым бөлігі кесілген

Тістерінің көбі түсіп қалған

Емшектерінің басы жұлынып қалған

Бір мүйізі немесе екеуі де түбінен сынған

Құрбан шалуы уәжіп болған кісінің құрбандық ма-

лында аталмыш кемшіліктердің біреуі сатып алғаннан

кейін пайда болса немесе алған малы өліп қалса, қайтадан

құрбандыққа жарайтын мал сатып алып шалуы керек. Ал

өзіне құрбан шалу уәжіп болмаса да, сауап үшін шалуды

ниет еткен кедей адамның сатып алған құрбанында бір

кемшілік пайда болса, сол малды шала береді. Тіпті

құрбан шалуы уәжіп болмаған кедей адам бойында

кемшілігі бар малды сатып алып, құрбан ретінде шалуы-

на болады. Өйткені, кедей адамның шалған құрбандығы

– нәпіл құрбан. Нәпіл ғибадатта кешірім бар.

Құрбан шалуда өкілдік

Құрбандық малын мүмкіншілігі болса, мойнына

уәжіп болған адамның өзі шалғаны абзал және сауабы

мол. Бірақ басқа біреуге өкілдік беруіне де болады.

Құрбан шалуы уәжіп кісі басқа бір адамды телефон

арқылы немес хат сияқты жолдармен өзінің орнына басқа

адамды өкіл ретінде құрбан шалуы үшін тағайындай

алады. Өкілге «менің орныма құрбан алып, шал» деп

айтылған уақытта, өкіл сол адамның атына құрбан алып

шалады. Хз. Әлидің (р.а.) Пайғамбарымыздың (с.а.у.)

орнына өкіл ретінде құрбан шалғаны жөнінде риуаят

бар.