474
Ислам ғылымхалы
бір жасар қой сияқты семіз, етті болса, құрбандыққа
шалуға жарайды. Қой мен ешкінің еркегін, сиырдың
ұрғашысын шалу абзал.
Елік, арқар сияқты аңдар мен тауық, қораз, қаз,
үйрек сияқты құстар құрбан ретінде сойылмайды.
Бірігіп құрбан шалу
Қой немесе ешкіні тек қана бір адам құрбан ретінде
шала алады. Ал сиыр немесе түйені яғни, ірі қараны
бір кісінің жалғыз өзі үшін шалуына болатын сияқты
жеті кісіге арнап, ортақ шалуларына болады. Құрбанды
ортақтасып шалған уақытта әрбір адам құрбан шалу
ниетімен ортақтасуы керек. Бір кісі құрбан үшін, ал
екінші бір кісі тек қана етін алу ниетімен ортақтасса,
шалынған мал барлық ортақтар үшін құрбан болып
есептелмейді.
Құрбандыққа жарамайтын малдар
Пайғамбарымыз (с.а.у.) құрбандыққа жарамай-
тын мал турасында:
«Соқырлығы анық белгілі соқыр,
ауруы белгілі аурушаң, (жүре алмайтындай дәрежеде)
ақсақтығы белгілі болған ақсақжәнежілігі көрінетіндей
өте арық малдар құрбандыққа жарамайды»,
457
–
деген.
Ханафи мәзһабының ғалымдары хадисте айтылған
құрбандыққа жарамайтын малдардағы кемшіліктерге
қиас (салыстыру) жолымен басқа да кемшіліктерді
қосқан. Ол кемшіліктер мыналар:
Бір көзі соқыр
•
457
Тирмизи, Адахи,5.