469
Құрбанның танымы және
Ислам дініндегі орны
Құрбан (араб тілінде) – «жақындау» деген мағынаны
білдіреді. Ал шариғаттағы терминдік мағынасы –
Аллаһ
Тағаланың ризашылығына жақындау ниетімен
құрбан айт күндерінде шалынатын арнайы малдың
аты.
Құрбан шалудың пайдалары мен
хикметтері
а) Аллаһ Тағаланың әмірлерін орындау әрдайым
ризашылығына жақындатып, ақыретте сый-сыяпатына
кенелтеді. Құрбан шалу да Аллаһ Тағаланың арнайы
әмірі болғандықтан бұл әмірді ықыласпен орындаушы
Раббысының ризашылығына қауышып, ана дүниеде
жүзі жарқын болып, мол сауабына шомары сөзсіз.
Пайғамбарымыз хадисінде бұл ақиқатты былай деп
түсіндіреді:
«Адам баласы құрбан айт күнінде (құрбан
шалып) қан ағызудан да сүйікті басқа іспен Аллаһ
Тағалаға жақындаған емес. Қаны ағызылған мал қиямет
күні мүйіздері, тұяқтары және жүндерімен келеді.
Ағызылған қан жерге тамбай жатып, Аллаһ Тағаланың
құзырында үлкен мақамға жетеді. Сондықтан
құрбандарыңды көңіл ризашылығымен шалыңдар»
453
.
Пайғамбарымыз (с.а.у.) басқа хадистерінде Аллаһ
ризашылығы үшін шалынған құрбанның әрбір қылы
453
Тирмизи, Адахи,1.