465
Қажылық
әміріңе бой ұсындым (2 рет). Сенің серігің жоқ, сенің
әміріңді орындау менің борышым. Күмәнсіз, барлық
мадақ саған тән және жалпы иелік пен нығмет сенікі.
Сенің еш серігің жоқ».
Тауаптың барлық айналымдарында
Рукнул-Йәмәни мен Рукнул-Хажарул-Әсуәдтің ара-
сында оқылатын дұға
{رَبّنَا آتِنَا فِي الدّنْيَا حَسَنَةً وَ فِي الآخِرَةِِ حَسَنَةً وَ قِنَا عَذَاب النّارِ. وَ
أدْخِلْنَاالْجَنّةَ مَعَ الأبْرَارِ, يَا عَزِيزُ يَا غَفّارُ, يَا رَبّ الْعَالَمِينَ}
«Раббәна әәтина фид-дуниа хасанатан уа фил-
әәхирати хасана, уа қина ‘азабән-нар. Уа адхилнал-
жәнната ма’ал-әбрар, Иа ‘Азиз иа Ғаффар. Иа раббәл-
’аламин».
Мағынасы:
«Раббымыз, бізге бұл дүниеде
де, ақыретте де тек жақсылығыңды беріп, бізді от
азабынан сақта! Бізді жақсы, игі құлдарыңмен бірге
жәннатқа кіргіз. Уа, ғазиз, уа, аса кешірімді Ғаффар,
уа, бүкіл әлемнің Раббысы».
Сафа мен Мәруада
Сафа және Мәруадағы әрбір айналымда жүзді
құбылаға бұрып, тәкбір, таһлил айтылады.
Тәкбір дегеніміз:
{ألُّ أكْبَرُ}
«Аллаһу әкбар»
деп айту,
ал, таһлил болса:
{لا إلَهَ إلاّ الُ وَحْدَهُ لا شَرِيكَ لَهُ , لَهُ الْمُلْكُ وَ لَهُ الْحَمْدُ وَ هُوَ
عَلَي كًلِّ شَيْءٍ قَََََََََََََََدِيرُ}
«Лә иләһә иллаллоһу уахдаһу ла шәрика ләһ,
ләһул-мулку уә ләһул-хамду уа һуа ‘ала кулли шайин
қадир»
– деу. Мағынасы:
«Аллаһтан басқа тәңір жоқ.