Previous Page  463 / 520 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 463 / 520 Next Page
Page Background

463

Қажылық

амалдарынан бұрын немесе кейін Мәдина қаласына

барып, Пайғамбарымыздың мешіті мен қабірі зиярат

етіледі. Зиярат жасаған уақытта әдеттегісінен де көбірек

Пайғамбарымыз Мұхаммедке (с.а.у.) салауат және сәлем

айтады. Өйткені, Пайғамбарымыз (с.а.у.):

«Маған сәлем

берген әрбір адамның сәлемін Аллаһ Тағала менің рухыма

білдіреді»

450

, – деген.

Пайғамбарымыздың (с.а.у.) мешітіне «Бәбус-

Сәлем» немесе «Бәбул-Жибрил» есігінен әдепті түрде

Салауат және Сәлем айтып кіреді. Егер мәкрүһ уақытқа

сәйкес келіп қалмаса, Пайғамбарымыздың (с.а.у.) нұрлы

қабірі мен мінберінің арасында екі рәкат тахйиатул-

мәсжид (мешітке сәлем) намазы оқылады. Өйткені,

Пайғамбарымыз (с.а.у.):

«Үйім мен мінберімнің арасы

жәннат бақшаларынан бір бақша, ал мінберім – қиямет

күні маған сыйланатын кәусәр бұлағының үстінде

болады»

451

– деп, мінбері мен қабірі арасындағы жердің

қасиеттілігіне назарымызды аударған. Тахийатул-

мәсжид намазын оқығаннан кейін Пайғамбарымыздың

(с.а.у.) мешітін зиярат ету бақытына кенелгендігі үшін

екі рәкат шүкір намазын оқып, намаздың соңынан өзіне,

әке-шешесіне және күллі мұсылман бауырларына дұға

жасап, тілек тілейді. Сосын Пайғамбарымыздың (с.а.у.)

нұрлы қабіріне баяу жүріспен барып, зиярат етеді.

Пайғамбарымыздың бас жағына барып, «Әссәләму

а’лайка әюһан-нәбию уа рахматуллаһи уә бәрәкәтуһ.

Әссәләму а’лайка иа саийди иа расулулаллаһ» деп сәлем

және салауат айтып, Аллаһ Тағалаға жалбарынып, дұға

жасап, тілек тілейді. Бұларды жасаған уақытта айғайлап,

450

Әбу Дәәуд, Мәнасик,96.

451

Муслим, Хаж, 502.