458
Ислам ғылымхалы
бірақ орындай алмай бұл дүниеден көз жұмды. Оның
орнына қажылыққа барсам бола ма?»
– Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай деді:
«Иә, оның орнына қажылыққа бар. Қалай ойлайсың?
Шешеңнің басқа біреуге қарызы болса өтейтін бе
едің?
– «Иә, өтеймін», – деді.
– Олай болса, Аллаһ Тағалаға болған қарызын да
өтеңдер. Өйткені, қарызы өтелуге ең лайық – Аллаһ
Тағала»
445
.
Басқа бір уақытта бір сахаба Пайғамбарымызға
(с.а.у.) келіп: – «Әкемнің мойнына қажылық парыз бола
тұра бұл дүниеден өтіп кетті. Оның орнына қажылыққа
барсам бола ма?», – деді.
– Пайғамбарымыз (с.а.у.): «Қалай қарайсың әкеңнің
қарызы болса өтейтін бе едің?», – деді.
– «Иә, өтеймін».
– Пайғамбарымыз (с.а.у.): «Олай болса әкеңнің
орнына қажылыққа бар»,
– деді.
Қажылық ғибадаты мойнында парыз бола тұра
көзінің тірісінде қажылыққа бара алмағандар өлмес
бұрын артында қалған мирасқорларына өзінің орнына
өкіл жіберулерін талап етіп, өсиет етулері уәжіп.
Қажылық ғибадаты мойнында парыз бола тұра бұл
дүниеден қайтқан кісілердің бұндай өсиеті жоқ болса,
артында қалған мирасқорлары өкіл ретінде басқа біреуді
жіберумен міндеттелмейді.
Бұл дүниеден қажылық ғибадатын орындай алмай
қайтып кеткен кісілердің орнына өкіл ретінде қажылыққа
баруға болатыны сияқты, қажылықты орындай алмай-
445
Нәсаий, Хаж/7.