Previous Page  455 / 520 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 455 / 520 Next Page
Page Background

455

Қажылық

тын адамдардың ихрамнан шығу үшін шалатын уәжіп

құрбан.

4. Нәзір һәдиі – Харам аумағында шалынуы үшін

сөз берілген уәжіп құрбан.

Һәди құрбанының шалынатын орны мен

уақыты

Нәпіл болсын, уәжіп болсын барлық һәди құрбандары

Харам аумағында шалынады. Құрбан айттың үшінші

күнінің ақшамына дейін шалынатын құрбандардың –

Минада, басқа күндерде шалынатын құрбандардың –

Меккеде шалынуы абзал.

Имам Әбу Ханифа бойынша, тәматтуғ және қиран

құрбандарының құрбан айттың үшінші күні ақшамға

дейін шалынуы – уәжіп, ал Имам Әбу Юсуп және Имам

Мұхаммед бойынша, сүннет. Имам Әбу Ханифаның

көзқарасына сүйенсек, үзір себептерінен тыс осыкүндерде

шалынбай қалған тәматтуғ және қиран құрбандарының

орнына кейін басқа уақытта екі құрбан шалынады. Біреуі

қаза ретінде, ал, екіншісі жаза ретінде.

Тәматтуғ, қиран және нәпіл құрбандарының етінен

барлық адамдардың жеулеріне болады. Ал жаза және

ихсар, нәзір құрбандарының етінен тек қана кедейлер

жейді. Иелеріне және өзінің қол астындағы қарауға

міндетті адамдарына, жалпы байларға жеуге болмай-

ды.

Құрбан шалуға жағдайы келмейтіндер не

істейді?

Тәматтуғ немесе қиран қажылығын орындағандар

мойындарына уәжіп болған шүкір құрбанын шалуға