456
Ислам ғылымхалы
мүмкіншіліктері болмаған жағдайда 10 күн ораза
ұстайды. Он күннің үш күні қажылық уақытында, жеті
күні қажылық айларынан кейін. Қажылық айларында
ұсталатын үш күн ораза ихрамға кіргеннен кейін құрбан
айттың алғашқы күніне дейін ұсталуы тиіс. Тәматтуғ
қажылығында бұл үш күнді умра ихрамынан кейін,
қажылық ихрамына кірмес бұрын ұстауға болады.
Үш күн ораза ұстағаннан кейін, ихрамнан (шаш
алдырып яки қысқартып) шықпай тұрып, құрбан шалу
күндерінде уәжіп құрбанды шалуға мүмкіншілік туып
жатса, міндетті түрде құрбан шалады. Егер құрбан шалу
күндерінен кейін құрбан шалуға мүмкіншілік туып жатса,
құрбан шалу шарт емес.
Құрбанның орнына ұсталатын қажылықтағы үш
күнді, қажылықтан кейін ұсталатын жеті күн оразаны
араларына күн салмай бірінен кейін бірін ұстау – абзал.
Бірақ араларына күн салып, үзіп-үзіп ұстауға да болады.
Қажылық айларынан кейін ұсталатын жеті күнді Мекке-
де ұстауға болады. Бірақ отандарына кайтқаннан кейін
ұстау – абзал.
Өкілдік
Әр түрлі себептерге байланысты
қажылыққа бара алмайтын кісі өзінің
орнына басқа біреуді өкіл ретінде жібере
ала ма?
Ислам дінінде ғибадаттар үш түрге бөлінеді:
1. Тек қана денемен орындалатын ғибадаттар:
намаз оқу, ораза ұстау, Құран оқу, т.б.