451
Қажылық
2) Немесе алты кедейге пітір садақасының көлемінде
садақа береді.
3) Харам аумағында қалаған уақытында бір қойды
не ешкіні құрбанға шалады.
4. Пітір садақасы
442
мөлшерінде садақа
беруді талап ететін кемшіліктер
а) Шаш, сақалдың төртте бірінен аз мөлшерін алу
немесе қысқарту
ә) Бір мүшенің бәріне емес, бір бөлігіне ғана әтір
себу
б) Бір аяқтың немесе қолдың тырнақтарының
кейбіреулерін алу,
в) Тігілген киімді бір түннен немесе бір күндізден
аз уақыт кисе,
г) Шайтан тасқа белгіленген санынан аз тас лақтыру.
Әрбір лақтырылмаған тас үшін пітір садақасымөлшерінде
садақа беріледі,
д) Басқа біреудің шашын, сақалын немесе мұртын
алу немесе қысқарту,
ж) Қадум және уадағ тауаптарын дәретсіз жасау,
з) Уадағ тауабы және сағидің төртінші айналым-
нан кейінгі айналымдарын жасамау. Жасалмай қалған
әрбір айналым үшін пітір садақасы мөлшерінде садақа
беріледі.
442
Бидай немесе бидай ұнынан: 1 кг 459 грамм немесе осы
мөлшердің құны яки арпа, арпа ұны немесе құрғатылған
жүзім, я болмаса құрғатылған құрмадан: 2кг 918 грамм немесе
осы мөлшердің құны.