Previous Page  461 / 520 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 461 / 520 Next Page
Page Background

461

Қажылық

өкіл жіберуші өкілінің өкіліне қажылыққа баруға рұқсат

берген жоқ. Бірақ негізгі өкіл жіберуші адам өкіліне басқа

біреуді орныңа жіберсең болады немесе «қалағаныңды

істе» деп кеңдік жасап, рұқсат беріп жатса, басқа біреуді

орнына жіберуіне болады.

9. Өкіл ретінде жіберілген адам өзін жіберген

адамның тапсырмаларын бұлжытпай орындауы керек.

Мысалға, жіберген адам өкілден «ифрад» қажылығын

жасауды талап етсе, өкіл «ифрад» қажылығын жасамай

«тәматтуғ» қажылығын жасаса, өкіл ретінде жіберілген

адам өзінің орнына қажылық жасаған болады. Бұндай

жағдайда өкіл ретінде жіберілген адам алған қажылық

қаржыларын иесіне қайтарып беруі керек.

Өкіл жіберуші адам өкіліне қажылықтың қай түрін

орындауын тағайындап тапсырмай, қажылық жасауын

талап еткен жағдайда, ифрад қажылығы орындалуы

керек. Ал егер «қалаған қажылық түрін жаса» деп өкіліне

кең ауқымды рұқсат берсе, қалаған қажылығын жасайды.

Өкіл ретінде жіберілген адам жіберуші адамның орнына

қажылық ғибадатын орындағаннан кейін, өзі үшін умра

жасауына мүмкіндігі бар.

Қасиетті Мәдина қаласындағы Хазіреті

Пайғамбарымыздың (с.а.у.) қабірін зиярат ету

Мүміндердің көзінің нұры, жаратылыстың гүлзары,

екі жаһанның асыл тәжі Пайғамбарымыз Мұхаммедтің

(с.а.у.) Мәдинадағы нұрлы қабірін зиярат ету –

мүміндер үшін сауапты да ардақты іс. Пайғамбарымыз

(с.а.у.) өзінің бұл дүниеден мәңгілік өмірге қайтуынан

кейін үмметтеріне өзінің нұрлы қабірін зиярат етудің

сауаптылығын көптеген хадистерінде білдірген: