Previous Page  473 / 520 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 473 / 520 Next Page
Page Background

473

Құрбан

Құрбан шалған уақытта міндетті түрде ниет ету

керек. Өйткені, малды ғибадат үшін соятыны сияқты,

тек қана етін пайдалану үшін де союға болады.

Құрбан шалудың уақыты

Құрбан шалудың уақыты құрбан айттың бірінші

күні айт намазынан кейін басталып, айтың үшінші күні

ақшамға аз уақыт қалғанға дейін жалғасады. Үзір себеп-

терге байланысты құрбан айт намазына бара алмай қалған

адамның, намаз оқып болатындай уақыт өткеннен кейін

құрбанын шала беруіне болады. Пайғамбарымыздан

(с.а.у.) құрбан шалудың уақытына байланысты бірнеше

хадис риуаят етілген. Бәрә ибну А’зибтің риуаяты бой-

ынша:

«Аллаһтың Елшісі (с.а.у.): «Біздің бұл күнде

алғашқы жасайтын – ісіміз намаз оқу, сосын қайтып

келіп, құрбанымызды шалу. Кім осылай істесе біздің

сүннетімізге ергені. Ал кімде-кім бұдан бұрын құрбанын

шалатын болса, бұл құрбанының отбасына берілген

еттен айырмашылығыжоқ. Бұның құрбан болуы мүмкін

емес»

. Басқа бір хадисте:

«Кімде-кім намаздан бұрын

құрбанын шалса, қайтадан шалсын»

, – деп, намаздан

бұрын шалынған малдың құрбандыққа есептелмейтінін

ескертеді.

Құрбандыққа шалуға болатын малдар

Тек қана қой, ешкі, сиыр және түйе малдарын ғана

құрбандыққа шалуға болады. Құрбан ретінде шалынатын

қой және ешкі кем дегенде бір жасар, сиыр екі жасар,

түйе бес жасар болуы керек. Алты-жеті айлық кепе қозы