Previous Page  423 / 520 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 423 / 520 Next Page
Page Background

423

Қажылық

Сафа, Мәруа төбелері және зәмзәм суы

Ибраһим (а.с.) Аллаһ Тағаланың бұйрығымен

зайыбы Ажар анамызбен емшектегі баласы Исмайыл-

ды қазіргі Зәмзәм құдығының орналасқан жеріне әкеліп

тастап кетті. Ол уақытта қазіргі Мекке қаласының

орналасқан жерінде ішер судың жоқтығынан тірі

жан мекендемейтін-ді. Ибраһим (а.с.) зайыбы мен

ұлы Исмайылға қорек ретінде азғантай құрма мен су

тастап, Аллаһ Тағалаға деген тәуекелін берік ұстап,

ол жерден ұзақтай түсті. Қорек пен суға тапшы мына

шөлде Ажар анамыз бен баласы Исмайылға өмір сүру

күннен-күнге қиындай түсті. Бірақ өздерін сол жерге

қалдырып кетуді жаратқан иелері Аллаһ Тағаланың өзі

бұйырған болса, Ажар анамыздың бостан-бос қам жеп,

уайымдауы орынсыз еді. Өйткені, әлсіз құрт, құмырсқа

сияқты жәндіктерге ризық берген Аллаһ оларды жапан

далаға тастап, ұмыт қалдыруы мүлдем мүмкін емес.

Міне, сондықтан Ажар анамыз:

«Аллаһ Тағала бізді

қорғайды, мына сусыз шөл далаға бізді жалғыздан

жалғыз, жәрдемсіз тастамайды»

– деп, Ұлы Жарату-

шысына деген сенімін берік ұстап, пайғамбарша тәуекел

етті. Уақыт жылжыған сайын Ибраһимнің (а.с.) тастап

кеткен азғантай суы таусылып, жас сәби Исмайыл су

сұрап жылай бастады. Ана байғұс сәбиінің шырылдауына

шара таба алмай шарқ ұрып, зыр жүгіруде. Анасы басқа

не істесін, емізейін десе, омырауында сүт жоқ, су берейін

десе, тамызықтай су да тапшы. Баласы Исмайылдың

шырылдауына шыдап тұра алмаған ана өтіп бара жатқан

тірі жанды кездестіріп қалармын деген үмітпен Сафа