Previous Page  422 / 520 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 422 / 520 Next Page
Page Background

422

Ислам ғылымхалы

Төртінші күні күн батқаннан кейін лақтырылмаған

тастар қаза етілмейді. Әбу Ханифаның айтуынша,

лақтырылмаған тастар айттың төртінші күні күн батқанға

дейін қаза етілсе де, жаза өтеу түспейді. Ал ИмамЮсуп

пен Имам Мұхаммедтің айтуларынша, жаза түседі.

Сафа, Мәруа төбелерінің арасында жүгіру

(қажылықтың үшінші уәжібі)

Сағи (араб тілінде) – шапшаң жүру, жүгіру деген

мағынаны білдіреді. Ал шариғаттағы терминдік

мағынасы: Мәсжидул-Харам жақта орналасқан Сафа

және Мәруа төбелерінің арасында Сафа төбешігінен

бастап, Мәруада аяқтау шартымен төрт рет барып, үш рет

қайтып келу. Сафадан Мәруаға бару – бір рет, Мәруадан

Сафаға қайтып келу – тағы бір рет болып есептеледі.

Сафа мен Мәруаның арасында сағи ету – қажылық

уәжіптерінің біреуі. Аллаһ Тағала «Бақара» сүресінің

158-аятында:

«Сафа және Мәруа Аллаһтың нышан-

дарынан, кімде-кім қажылық немесе умра жасау

ниетімен Қағбаны зиярат етсе, Сафа мен Мәруаны

тауап етуінде күнә жоқ»

, – деп сағидің маңыздылығын

білдірген.

Қажылық үшін жасалған сағи – қадум яки зиярат

тауаптарынан кейін орындалатыны сияқты, умра үшін

жасалатын сағи, умра тауабынан кейін жасалады.

Сағи әрқашан тауаптан кейін істеледі. Сағиді тауаптан

кейін дереу жасау – шарт болмағанымен өте маңызды

сүннет.