Previous Page  421 / 520 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 421 / 520 Next Page
Page Background

421

Қажылық

лақтырады. Қалған екі Орта және Кіші шайтан тасқа

тастарды кез-келген жақтан лақтыруға болады.

Шайтанға тас лақтырудың мәкрүһтері

1. Белгіленген орынға жетпей қалған тастарды

алып қайтадан лақтыру

2. Шайтан тастан басқалардың лақтырған тастары-

нан жинап алып лақтыру

3. Нәжіс тиген тастарды лақтыру

4. Бір тасты сындырып, бірнеше тас жасап

лақтыру

5. Бір шайтан тасқа бір күнде жетіден артық тас

лақтыру

6. Шайтан тасқа аяқ киім, шүберек сияқты

нәрселерді лақтыру

Шайтанға тас лақтыруда өкілдік

Ислам–жеңілдікдіні, сондықтантүрегептұрыпнамаз

оқи алмайтындай дәрежеде ауру не кәрі кісілер өздерінің

орнына басқа адамды өкіл жасап, лақтыртуларына

болады. Өкіл адамдар бірінші өздері үшін лақтырып,

содан кейін басқасының орнына лақтырады. Бірақ,

күндіз лақтыра алмағандар түнде лақтыра алатын болса,

күндіз басқа біреуге лақтыртуға болмайды. Түнде өздері

лақтырады.

Лақтырылмай қалған тастардың қазасы

бола ма?

Уақытында лақтырылмаған тастардың тас лақтыру

күндері қаза етіліп, лақтырылуы уәжіп. Тас лақтыру

күндері айттың төртінші күні күннің батуымен аяқталады.