Previous Page  408 / 520 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 408 / 520 Next Page
Page Background

408

Ислам ғылымхалы

2. Зиярат тауабы

Қажылардың Арафаттан қайтқаннан кейін жасайтын

тауабын зиярат тауабы немесе «ифада» тауабы дейді.

Бұл тауапты жасау – қажылықтың үш парызының бірі.

Зиярат тауабындағы жеті айналымның төртеуі – парыз,

үшеуі – уәжіп. Зиярат тауабын жасамаған адам қажылық

жасаған болып саналмайды. Зиярат тауабының дұрыс

орындалуының бірінші шарты: Арафатта уақфаның

жасалған болуы. Екінші шарты: Бұл тауаптың белгілі

уақытта жасалуы. Бұл уақыт – Құрбан айттың бірінші

күні таңның атуынан бастап, өмірінің соңына дейінгі

уақыт. Бірақ Әбу Ханифаның пікіріне сүйенсек, бұл

тауаптың Құрбан айттың 1,2,3-күндерінің біреуінде

жасалуы – уәжіп. Осы күндерден кешіктірілсе, жаза

ретінде құрбаншалу керек. АлӘбуЮсуп пенМұхаммед

418

бойынша, бұл тауапты құрбанның 1-2-3 күндері жасау

уәжіп емес, сүннет. Сондықтан бұл тауап айт күндерінен

кейін жасалған жағдайда ешқандай жаза керек емес.

Бірақ зиярат тауабын Құрбан айттың алғашқы күні жасау

абзал, әрі сауабы мол.

3. Уадағ (қоштасу) тауабы

Қажылықта Минада шайтанға тас лақтырғаннан

кейін, Меккеге қайтқан кезде жасалатын тауап. «Садәр

тауабы» деп те аталады. Қажылыққа сырттан келгендер

үшін бұл тауапты жасау – уәжіп. Бұл тауапты жасау

арқылы қажы амалдары тәмамдалады. Тауаптан кейін

қажылар Қағбамен қоштасып, отандарына қайтады.

418

Ханафи мәзһабының негізгі ғұламалары.