404
Ислам ғылымхалы
бұрын денені әтірлеу – сүннет. Айша анамыз мына
хадисті риуаят еткен:
«Пайғамбарымыз (с.а.у.) ихрамға
кірерде мен оған ең жақсы әтірін жағатынмын»
414
.
Бірақ ихрамға кіріп қойғаннан кейін әтір жағуға бол-
майды.
7. Ихрам намазы
Денені толық жуғаннан кейін немесе дәрет алғаннан
кейін, ихрамға кірместен бұрын, екі рәкат намаз
оқылады. Пайғамбарымыздың (с.а.у.) Зулхулайфада екі
рәкат намаз оқып, сосын ихрамға кіргені риуаят етіледі.
Бұл намаздың бірінші рәкатында – «Кафирун», екінші
рәкатында – «Ықылас» сүресін оқу сүннет.
Арафатта тұру
(қажылықтың екінші парызы)
Арафа күні түс ауғаннан кейін құрбан айттың бірінші
күні таң намаздың уақытына дейін, Арафат тауында бір
мезет болса да тұру – қажылықтың негізгі парызының
біреуі. Сондықтан кімде-кім Арафатта бір мезет болса
да тұрмаса, қажылық ғибадатын орындамаған болады.
Келесі жылы қайтадан орындау керек. Пайғамбарымыз
(с.а.у.) «Қажылық дегеніміз – арафат, кімде-кім арафатқа
үлгерсе, қажылыққа үлгерген болады», – деп, Арафат-
та тұрусыз қажылық ғибадатының қабыл етілмейтінін
ескерткен. Арафат тауының «Уранә» сайынан басқа
барлық жерінде тұруға болады. Пайғамбарымыз
(с.а.у.): «Арафаттың барлық жері уақфа орны», – дейді.
Арафаттың «Жәбәлул-рахмә» деген жерінде тұру
абзалырақ. Арафат тауында арафа күні күн батқанға дейін
414
Бухари, Хаж,21; Муслим, Хаж,1-3.