401
Қажылық
Ихрамға кірген адамға тыйылған нәрселер
1. Ихрамға кірген адамның денесіне
байланысты тыйымдар:
• Шашын, сақалын, мұртын алу немесе қысқарту
• Қолтықтың астындағы және жалпы денедегі
түктерді қыру немесе қысқарту
• Тырнақ алу
• Шаш, сақал және мұртқа май жағу немесе бояу
• Әйелдердің боянулары (лак, далап, т.б.)
• Денеге немесе ихрамға хош иіс себу және иіс
сабын қолдану
2. Киімге байланысты тыйымдар:
• Тігілген киім кию. Тігілген киімдерді суықта
иыққа жабуға немесе денеге жабуға болады. Бірақ
жапқан уақытта қолын киіп, түймелерін түймелеуге
болмайды.
Изар мен риданың
412
шеттерін сөгітіліп кетпеу үшін
тігуге, жыртығын жамауға рұқсат. Ақша салу үшін
тігілген арнайы қапшық, белдік сияқты нәрселерді,
ыстықтан қорғану үшін тігілген қолшатырды қолдануға
болады.
• Басты немесе бетті жабу. Тақия кию, сәлде орау,
т.б.
• Қолғап, шұлық кию
Киімге байланысты тыйымдар тек қана еркектер
үшін. Әйелдер әдеттегідей киінеді.
412
Изар – белден төмен қарай, рида – белден жоғары қарай
жабатын сүлгі немесе мата. Бұлардың түсі ақ және жаңа
болғаны жөн.