Previous Page  405 / 520 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 405 / 520 Next Page
Page Background

405

Қажылық

болу уәжіп. Өйткені, Пайғамбарымыз (с.а.у.) осылай

істеген. Сондықтан арафа күні күн батпай қайтқан адам-

дар жаза ретінде құрбан шалады.

Арафатта тұрудың дұрыс болуы үшін ниет және

дәретті болу, тіпті ояу болу шарт емес. Дәретсіз, жүніп,

хайыз, нифас күйіндегі адамдар да Арафатта тұра алады.

Айша анамыз Пайғамбарымыздың бұйрығы бойынша,

хайыз күйінде Арафатта уақфа (тұру) жасаған.

Арафа күні және Арафатта тұрудың

сүннеттері

Арафа күні күн шыққаннан кейін Арафат жаққа

қарай бет алу

Намира мешітінде түскі намаздан бұрын Имамның

екі хұтба оқуы

Аузы берік болмау (ораза тұтпау)

Күн тал түстен ауғаннан кейін мүмкіндік болса,

ғұсыл құйыну

Арафатта тұруға бар ықыласпен дайын болу

Бесін және намаздыгер намаздарын бесін

уақытында бірге қосып оқу. Намаздың осылай

бесін уақытында біріктіріліп оқылуын «жамғу –

тақдим» деп атайды.

Бұл намаздардан кейін дереу уақфа жасау

Уақфа жасаған уақытта дәретті болу

Уақфаны «Жәбәлул-рахмә» деген төбенің қара

тастарында жасау

Уақфа жасаған уақытта құбыла жаққа бет бұрып,

түрегеп тұру

Арафатта бар ықыласпен өзі үшін, әке-шешесі

және жалпы мұсылман бауырлары үшін дұға