Previous Page  402 / 520 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 402 / 520 Next Page
Page Background

402

Ислам ғылымхалы

3. Харам аумағына байланысты тыйымдар:

Мекке қаласының және жан-жағындағы «Харам»

деп аталатын аумақтың аңдарын аулау, өсімдіктерін

жұлу немесе шабу ихрамды адамдарға да, ихрамсыз

адамдарға да харам.

4. Жалпы тыйымдар:

• Әйелімен жыныстық қатынас жасау, сүйісу,

құшақтасу, жалпы нәпсіні қоздыратын барлық нәрселерді

істеу.

• Дінде харам болған істерді жасау.

• Мұсылман бауырымен таласу, ерегесіп, ұрысып,

төбелесу, жаман сөз айту, біреуді ренжіту. Аллаһ Тағала

Құранда былай дейді:

«Қажылық белгілі (Шәууал,

Зилқағда, Зилхижжаның алғашқы он күні) айларда.

Кімде-кім бұл айларда қажылықты міндеттенсе (мы-

наларды білсін!) әйелімен жақындасуға, күнә істеуге

және жанжалдасуға болмайды»

413

.

• Аң аулау.

Ихрамдағыға рұқсат істер

• Иіс сабын қолданбау шартымен жуыну

• Көлеңкеде отыру немесе қолшатыр қолдану

• Дененің түктерін түсірмеу шартымен қасыну

• Сынған тырнақты түсіру

• Тіс пастасымен тіс жуу және көзге сүрме жағу

• Ихрам киімдерін жуу немесе ауыстыру

• Жүзік, сырға, қол сағат қолдану

• Әтір сататын дүкенде отыру

• Гүлді немесе жемісті иіскеу

413

Бақара, 2/197.