Previous Page  398 / 520 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 398 / 520 Next Page
Page Background

398

Ислам ғылымхалы

үшін умра мен қажылықтың қажылық айларында сол

жылда жасалуы шарт. Тәматтуғ қажылығында умра мен

қажылықты бірге орындағандықтан шүкір құрбанын

шалу – уәжіп. Қазақстандықтар көбінесе тәматтуғ

қажылығын орындайды.

3. Қиран қажылығы

Миқатта қажылық пен умраны бірге ниет етіп, бір

ихраммен істелетін қажылыққа – «қиран» қажылығы

делінеді. Умрасын тәмамдағаннан кейін ихрамнан

шықпай қажылық амалдарын да сол ихраммен аяқтайды.

Қиран қажылығында умра мен қажылықты бірге

орындағаны үшін шүкір құрбанын шалу – уәжіп.

Тәлбия дегеніміз не?

Тәлбия – ихрамға кірер алдында айтылуы уәжіп

болған және ихрамды болған уақытта молынан

қайталанып айтылатын сүннет дұға.

{لَبّيْكَ ألّلهُمّ لَبّيْكَ, لَبّيْكَ لا شَرِيكَ لَكَ لَبّيْكَ. إنّ الْحَمْدَ وَالنِّعْمَةَ

لَكَ وَالْمُلْكَ لا شَرِيكَ لَكَ}

«ЛәббайкАллаһумма ләббайк, ләббайка ләә

шәрика ләкә ләббайк, инналхамда уанни’мәтә ләкә

уалмулка ләә шәрика ләк»

410

.

Қазақша мағынасы:

«Аллаһым, мен сенің әміріңді орындауға келдім, сенің

әміріңе бой ұсындым (2 рет). Сенің серігің жоқ, сенің

әміріңді орындау – менің борышым. Күмәнсіз барлық

мадақ саған тән және жалпы иелік пен нығмет сенікі.

Сенің еш серігің жоқ».

410

Бухари, Хаж /26, Муслим, Хаж /147, Тирмизи, Хаж/ 97.