Previous Page  394 / 520 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 394 / 520 Next Page
Page Background

394

Ислам ғылымхалы

б) Баратын жолдың сенімді болуы

Қажылыққа барудың парыз болуы үшін жол сенімді

болуы керек. Баратын жолда соғыс немесе басқа да

қатерлі жағдайлар туындаса, қажылыққа бару парыз

емес.

Әйелдерге байланысты арнайы шарттар

1. Қажылыққа баратын әйелмен бірге күйеуі

немесе махрам

406

туыстарынан біреуі болуы керек.

Пайғамбарымыз (с.а.у.) хадис шәрифінде бұйырған:

«Әйел адам өзімен бірге махрамы болмаса, үш күннен

артық сапар шеге алмайды»

407

.

Бұл Ханафи мәзһабында.

Шафиғи мәзһабында әйел адамның жанында сенімді

бірнеше тақуа әйелдер болса, махрамсыз қажылық жасай

алады.

2. Ғиддетті болмауы

408

Қажылыққа баратын әйел күйеуінен талақ немесе

күйеуінің қайтыс болуына байланысты шариғаттың

белгілеген ғиддет мерзімінде болмауы керек. Өйткені,

Аллаһ Тағала мына аятта ғиддет мерзіміндегі

әйелдердің үйден шығуларына тыйым салған:

«Талақ

қылған әйелдеріңді үйден шығармаңдар, олар да

шықпасын»

409

.

Қажылықты басқа уақытта өтеуге

болады. Ал ғиддет белгілі уақытқа арналған.

Сал ауруына душар болған, денсаулығы нашар қарт,

мүгедек адам, жол көрсететін көмекшісі жоқ соқыр адам-

406

Исламда әйелдің үйленуі харам болған жақын туыстары.

407

әш-Шәукәни

408

Әйел адамның күйеуінен талақ болғаннан кейін немесе күйеуі

қайтыс болғаннан кейін күтетін белгілі уақыт.

409

Талақ, 1.