Previous Page  392 / 520 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 392 / 520 Next Page
Page Background

392

Ислам ғылымхалы

«Күмәнсіз, Аллаһ Тағала сендерге қажылықты

парыз қылды, қажылықты орындаңыздар»

404

.

3. Ижмағ

Ислам ғұламалары шамасы жеткен әркімге қажылық

ғибадатының ғұмырында бір рет парыз екендігіне бір

пікір білдірген.

Қажы ғибадатының парыз болуы үшін қажетті

шарттар белгілі бір адамда толық болса, оған дереу

қажылық жасау шарт па?

Қажы ғибадатының парыз болуы үшін қажетті

шарттар белгілі бір адамда толықса, ол кісіге ертерек

қажылық жасау парыз. Шамасы келе тұра қажылықты

кешіктірген күнәһар болады. Пайғамбарымыз (с.а.у.):

«Қажылықты орындауда асығыңыздар! Өйткені,

сендердің ешқайсыларың өлімнің қай уақытта келіп

жететінін білмейсіңдер»

405

,

– дейді.

Қажылық ғибадатының парыздығының

шарттары

Белгілі бір адамға қажылық ғибадатының парыз

болуы үшін төмендегі шарттар орындалуы керек.

1. Мұсылман болу.

Мұсылман еместерге қажылық

парыз емес. Сондықтан мұсылман емес адам қажылық

ғибадатын орындап болғаннан кейін Ислам дініне кірсе,

шамасы жеткен жағдайда қайтадан баруы керек.

2. Ақыл – есі дұрыс және балиғатжасына жету.

Балиғат жасына жетпеген балалар мен ақыл-есі дұрыс

404

Муслим, Хаж,412.

405

Әбу Дәәуд, Мәнасик,5. Ибн Мажә, Мәнасик,1.