387
Қажылық
іздері қалғандығы мұсылмандардың көз алдынан тізіліп
өтіп, санада қайта жаңғырады. Мұсылман қажылардың
рухын биіктетіп, шабытын шарықтатады.
7. Қажылық – мәңгілікке ойып жазылған иләхи
естеліктердің еске түсірілуі. Оған мысал, жалғыз өзі бір
үмбетті құраған хазреті Ибраһим мен ұлы Исмайылдың
ғибратты ғұмыры, соңғы Пайғамбар Мұхаммедтің (с.а.с.)
көктегі періштелердің өзін қызықтырған өнеге-үлгісі,
иманын қызғыштай қорғап өмір мен өлімнің арасында
ажалмен арпалысқан даңқты сахабалардың ерліктері –
бәрі де тізбектеліп қажылық кезінде көз алдымыздан
өтіп жатады. Оған қоса, Аллаһ разылығы үшін сәбиін
көтерген күйі жолға шыққан ананы да, Аллаһ разылығы
үшін деп жанын қиған асыл перзентті де, аяулы ұлын
Аллаһ разылығы үшін сапарға аттандырған әкені де,
діндар күйеуінің бір сөзін екі етпей бағынған ананы
да – бәрін осы аймаққа келіп қажылық жасағанда еске
түсіресің
398
.
Қағбаның салынуы
Қағба – жер бетінде тұрғызылған тұңғыш құлшылық
орны. Адам атаның жер бетіне түскеннен кейінгі ең
алғашқы ісі періштелердің көмегімен осы Қағбаны
тұрғызу болған. Сан дәуірлер артта қалып, уақыт аққан
өзендей жылжыған сайын бұзылып, көнерген жерлері
талай рет жөнделіп отырған. Қағба жер бетін Нұх топан
суы басқанға дейін ғибадатхана міндетін атқарып келген
398
Құлшылық құпиясы, 165-бет.