389
Қажылық
Әке де баласынан осы жауапты күткендей: – Ендеше,
дәл мына тұстан Аллаһтың әмірін орындап, құлшылық
орнын салайық, – деді қазіргі таңдағы күллі әлемдегі
мұсылмандардың ғибадат орны саналатын қасиетті
Қағбаның орнын көрсетіп.
Осылайша, Аллаһ Тағаланың өздеріне белгілеп
көрсеткен жерінен Қағбаның қайта салынуын бастап та
кетті. Исмайыл тас тасып, әкесі Ибраһим (а.с.) қасиетті
үйдің қабырғасын қалай бастады. Жұмыс оңға басып,
құрылыс биіктеген сайын Ибраһим (а.с) үшін тас қалау
қиынға соқты. Екеуі өзара ойласып, Исмайыл әкесінің
аяғының астына текпешек, саты тәріздес ұзынша, биік
тас әкеліп қойды.
Ибраһимнің (а.с.) аяғының ізі түскен бұл тас қазіргі
кезде «Мақаму Ибраһим» деп аталып, қажылықта сол
тұста арнайы намаз оқылып, ерекше зиярат етілуде.
Мұсылмандар үшін жер бетінде Қағбадан да қасиетті
екінші бір орын жоқ. Өйткені бұл киелі ғибадат үйі Ұлы
Жаратушымыздың әмір етіп Жебірейілдің (а.с.) жобасын
көрсетуі арқылы салынған.
Қағбаның төрт қабырғасы қаланып, кезек бүгінгі
«Хажарул-Әсуәд» деп аталатын қасиетті қара тас тұрған
бұрышқа жеткенде, Ибраһим (а.с.) ұлы Исмайылға
тауаптың басталатын орнын білдіретін белгі ретінде
бір тас әкелуін тапсырды. Исмайыл әкесінің тапсырма-
сын орындау үшін тас іздеп тауға кеткенде, Жебірейіл
періште Ибраһимге (а.с.) жұмақтан тас алып келіп,
Қағбаның бұрышына сол тасты қою керектігін жеткізеді.
Риуаяттар бойынша, бұл қасиетті тас әуелде қардай