388
Ислам ғылымхалы
еді. Алайда, жер бетін басқан топан судан кейін, өкінішке
қарай, бұл қасиетті құлшылық орнының ең болмаса
қираған ізі де білінбей, адамзатқа беймәлім күйде қала
берді.
Бірақ, жер шарының кіндігі іспетті болған жер
бетіндегі алғашқы ғибадат орнын Аллаһ Тағала кейінгі
мұсылман құлдарына беймәлім қалдырмады. Бұл қасиетті
құлшылық орнын мұсылмандарға құбыла етіп, қайта
өңдеу ісін Ибраһим пайғамбар мен баласы Исмайылға
табыстады.
Ибраһим (а.с.) мен ұлы Исмайылдың қазіргі таңдағы
қасиетті Қағбаны қайта тұрғызулары былай еді.
Исмайыл (а.с.) зәмзәм суының маңайында өсіп
тұрған ағаштың астын көлеңкелеп, оқ жонып отырған-
ды. Бір мезет сонадайдан өзіне қарай келе жатқан әкесі
Ибраһимді (а.с.) байқаған ол дереу атып тұрып, алдынан
қуана жүгіріп шықты. Көптен көріспей, сағынысқан әке
мен баланың құшақтары айқаса кетті. Баласының ша-
шынан сипап, маңдайынан иіскеп, мауқын басқан әке
мен әке мейіріміне шөлдеген бала арасында артынша
төмендегідей әңгіме ізін тапты.
– Балам, Аллаһ Тағала маған үлкен міндет жүктеп
отыр.
– Әке, ол қандай міндет? Аллаһ Тағала жүктеген
міндетті тезірек атқарғаныңыз жөн болар.
– Бірақ, оған сенің көмегің керек, балам.
– Әке, мен қашан да өзіңізге қолғабыс етуге әзірмін.
Ондай абыройлы істен маған да үлес тигені Аллаһтың
маған оң қарағаны шығар, – деді Исмайыл іштегі
қуанышын жасыра алмай.