397
Қажылық
кіреді. Бірақ ниетті тілмен айту – мұстахап. Ихрамға
кірудің шарттарының бірі ғана болып табылатын «рида»
және «изар» деп аталатын екі бөліктен тұратын сүлгі
немесе оған ұқсас тігісі жоқ мата халық арасында «ихрам»
деп аталғанымен, Ихрам мағынасын толық қамтымайды.
Орындайтын қажылық түрін ниет етпей, тәлбия дұғасын
айтпай, тек қана үстіне ақ, тігіссіз мата оранумен ихрамға
кірген болып саналмайды. Өйткені ниет пен «тәлбия»
дұғасы ихрамның шарттарынан.
Қажылық түрлері
(Барлық қажылық түрлері алда кеңінен
түсіндірілетіндіктен бұл жерде қысқаша берілді)
1. Ифрад қажылығы
Миқатта ихрамға кірер кезде тек қана қажылық
ғибадатының атқарылуы ниет етілсе, бұл қажылық
түріне «ифрад» қажылығы делінеді. Ифрад қажылығында
умрасыз тек қана қажылық ғибадаты жасалады. Ақаба
жәмрасына (Үлкен шайтан тас) тас лақтырып болғаннан
кейін қаласа құрбан шалады. Өйткені ифрад қажысын
орындағандарға құрбан шалу уәжіп емес. Сосын шашын
алғызып немесе қысқартқызып ихрамнан шығады.
2. Тәматтуғ қажылығы
Қажылық айларында умра үшін ихрамға кіріп,
умраны бітірген соң, сол жылғы Зилхижжа айының
сегізінші күні немесе одан да бұрын қажылық үшін
қайтадан ихрамға кіру арқылыжасалатын қажылық түріне
«тәматтуғ қажылығы» дейді. Тәматтуғ қажылығында
умра және қажылық үшін бөлек-бөлек ихрамға кіреді.
Бұл қажылықтың тәматтуғ қажылығы болып саналуы