367
Зекет
зекет алынбайды»
391
.
Бес уқийе – 200 дирхамға тең. Ибн
Омар хазіреті Әлиге:
«Сахабалардан күміс нисабының
200 дирһам екендігіне қарсы шыққан пенде болмады»,
– деген.
Әшекей заттардан зекет алына ма?
Ханафи мәзһабында алтыннан немесе күмістен
жасалған әшекей жүзік, сырға, білезік, алқа сияқты
заттардың салмағы нисап көлеміне жетіп, бір жыл толса,
зекет алынады. Ал Шафиғи мәзһабында зекет алынбай-
ды. Өйткені әшекей заттар әйел адамның кәдімгі киетін
киімдері сияқты жеке тұлғалық қажеттері болып табыла-
ды. Әшекей заттардан зекет алынбайды деген ғалымдар
әшекей көлемінің орташа болуын шартқа қосуда. Егер
зекетті өтемеу ниетімен айла ретінде әшекей заттарды
қоғамдағы әйелдердің қолданылатын көлемінен артық
жинаса, олардан зекет алынады. Бұл мәселеде Ханафи
мәзһабын негіз тұту – кедейлердің пайдасына шешілері
анық.
Төрт-түлік малдың зекеті
Төрт-түлік малдардан берілетін зекеттің парыздығы
сахих хадистерде білдірілген. Төрт-түлік малдарда зекет
парыз болуы үшін төмендегі шарттар керек.
1. Зекеті берілетін малдардың үй жануарлары
болуы.
2. Зекеті берілетін малдардың нисап мөлшеріне
жетуі.
3. Зекеті берілетін малдарға толық ие болғаннан
кейін толық бір жыл өтуі.
391
Бухари, Зекет,4; Муслим, 1/3.