Previous Page  364 / 520 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 364 / 520 Next Page
Page Background

364

Ислам ғылымхалы

– Қиналған жанға қол ұшын берсін.

– Оған да шамасы жетпесе ше?

– Жақсылықты дәріптесін.

– Оны да істемесе ше?

– Жамандыққа жоламасын, – деді сүйікті

Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.а.у.).

* * *

Зекет кімдерге берілмейді?

1. Мұсылман еместерге.

2. Нисап мөлшеріндегі байлық иелеріне.

3. Әке-шешеге, ата-әжеге және олардың ата-

аналарына зекет беруге болмайтыны сияқты, өзінің

балаларына, немерелеріне, олардың балаларына және

кейінгі барлық ұрпақтарына зекет беруге болмайды.

Шафиғи мәзһабында аталмыш кісілер қарызданып

қалған жағдайда ғана қарыздарын өтеу үшін бір-бірлеріне

зекеттерін берулеріне болады. Ал қарызы жоққа беруге

болмайды.

4. Әдетте, кедей-кембағалдарды қолдайтын Ислам

шамасы келе тұра жұмыс істемей, даярға әдеттенген

масыл адамдарға зекет берудің дұрыс еместігін айтады.

Өйткені, зекет берудегі мақсат – қоғамда жатып

ішерлердің санын көбейту емес, бір жағдайлармен

кедейлікке ұшыраған жандарды кедейліктен құтқару.

5. Бәни Һашим. Пайғамбарымыздың (с.а.у.) туыста-

ры саналатын Һашим ұрпақтары. Пайғамбарымыз (с.а.у.)