Previous Page  333 / 520 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 333 / 520 Next Page
Page Background

333

Зекет

«Аллаһ атымен ант етейін, уаллаһи, биллаһи қарызын

өтегенмін» деуі секілді. Мұндай ант – үлкен күнә. Мұндай

антқа Ханафи мәзһабында кәффарат керек емес. Оған

дәлел Пайғамбарымыздың (с.а.у.) бес нәрсеге кәффарат

керек емес деп санаған нәрселердің арасында осы ғамус

түрі де бар

356

.

Лағу анты

Қателесіп немесе айтқаным дұрыс деп ойлап,

ант ету түрі. Мысалы, бермеген қарызын бердім деп

ойлап, «уаллаһи, биллаһи бердім» деу секілді. Сол

секілді ант етуді ниет етпестен ант сөзін айтуды әдетке

айналдырғандықтан, сөзін қуаттау үшін «уаллаһи,

биллаһи» деуі. Бұндай антқа кәффарат керек емес.

Мун’ақид анты

Іске асу мүмкіндігі бар және жалпы болашаққа бай-

ланысты бір нәрсе жайлы ант ету: «уаллаһи, биллаһи,

Аллаһ атымен ант етейін, ертең қарызыңды өтеймін»

деуі. Мұндай антын орындамаса, кәффарат керек.

Құранда: «Аллаһ біле тұра істеген анттарыңа жауапты

қылады»

357

, – дейді. Мұсылман адам қолынан келетін

бір нәрсеге ант берсе, орындауы керек. Мұсылман өзіне

берген сөзі мен уәдесінде тұрғаны дұрыс. Құранда Аллаһ:

«Анттарыңды сақтаңдар»

358

, «Аллаһқа берген серттеріңді

орындаңдар»

359

, – дейді.

356

Бухари, Әдәб, 6.

357

Маида, 5/89.

358

Маида, 5/89.

359

Нахыл, 16/91.