Previous Page  331 / 520 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 331 / 520 Next Page
Page Background

331

толық көруші. Ей, иман еткендер! Сендерден жұбайларын

зиһар еткендердің әйелдері аналары емес. Олардың

аналары өздерін тапқандар ғана. Сөзсіз, олар теріс әрі

жалған сөз сөйлейді. Шынында, Аллаһ – аса кешірімді

әрі рақымды. Жұбайларын зиһар еткендер, сосын айтқан

сөздерінен қайтса, әйелінен қосылудан бұрын бір құл азат

етуі керек. Міне, сендерге осы нұсқау берілді. Аллаһ не

істегендеріңді толық біледі. Егер құл таба алмаса, әйеліне

қосылудан бұрын тұтас екі ай ораза ұстасын. Оған да

шамасы келмесе, алпыс аш кісіні тамақтандырсын. Бұл

Аллаһқа және Елшісіне иман келтірулерің үшін. Сондай-

ақ осы Аллаһтың шектері. Қарсы болушыларға жан

түршігерлік азап бар»

353

. Бір мұсылман кәффарат ретінде

бір құлды босатып, егер оған шамасы жетпесе, екі ай

қатарынан ораза ұстайды. Бірақ бір ер кісі әйеліне «Сен

маған анам секілдісің немесе анама ұқсайсың» деуі оның

ниетіне байланысты. Егер әйелінің жақсылығын айтқысы

келсе, оған еш нәрсе керек емес. Зиһарды меңзеген болса,

зиһар үкімін орындайды. Талақты меңзеген болса, онда

«байин» талақ деп есептеледі. Ал егер ешқандай ниеті

жоқ болса, бұл сөз айтылмағандай болып қала береді.

4. Қажылықта ихрам кезінде шаш

алдырудың кәффараты

Құранда қажылықта ихрам киген адамдар үшін

белгілі тыйымдар қойылған. Міне, ихрам кезінде

уақытынан бұрын шаш алдырмау – осы тыйымдардың

бірі. Сондықтан ихрам кезінде бір адам басының төрттен

бірін немесе одан көбін не сақалының төрттен бірін ал-

дырса, жаза ретінде бір құрбан шалуы керек. Төртте

353

Мүжаделе, 58/1-4.