328
9. Тамаққа түтін немесе топырақ, шаң, ұнның
тозаңы, қардың ұшқыны, жауынның тамшылары еріксіз
кірсе, оразаға зиян бермейді. Бірақ бұларды әдейі ішіне
тартса, ораза бұзылады.
10. Түкірік немесе мұрынды тарту арқылы бір нәрсе
тамаққа кетсе, ораза бұзылмайды.
11. Тістердің арасында қалған тамақ қалдықтары
ноқаттан кішкене болса, оны жұту оразаны бұзбайды.
Гүл, әтір секілді жақсы иістерді иіскеу оразаға зиян
бермейді.
12. Еріксіз құсу (ауыз толы құсық болса да) оразаға
кедергі жасамайды. Және оның еріксіз ішке қайта кетуі
де.
13. Салқындау үшін жуыну, жүзу немесе ылғалды
бір көйлек кию оразаны бұзбайды. Бірақ су жұтпастан
суға батып жүзу қиын болғандықтан түспеу абзал.
Ораза ұстай алмайтындардың жағдайы
347
...
Ораза ұстауға шамасы келмеген жандарға фидия
беру – уәжіп. Бұлар ауруларының айығуы үміт етілмеген
жандар мен ораза ұстауға шамасы жетпеген қарт кісілер.
Олар оразаның орнына әрбір күні үшін бір кедейді
тамақтандырады. Фидияны ақшалай беруге де болады. Бір
кедейді отыз күн таңда және кешке тамақтандыру немесе
347
Ескерту: Құрметті оқырман! Кемелдік қашанда Ұлы
Жаратқанға ғана тән қасиет қой. Бұл кітаптың бірінші және
екінші басылымында қателікпен рамазан оразасын ұстай
алмайтындардың беретін фидия мөлшерінің орнына рамазан
оразасын әдейі бұзған жандардың кәффарат ретінде беретін
фидия мөлшері беріліп кеткен. Біз бұл қателігімізді осы
басылымда ғана байқап жөндедік. Ол үшін оқырмандарымыз-
дан кешірім өтінеміз.