325
Ораза
білдірсең болмас па еді?! Бүгін Ораза айының алғашқы
күні екен ғой?!..
* * *
Сонымен қатар мына жағдайдағылар
бұзылған оразасының тек қана қазасын
өтейді
1. Дәрет алып жатқанда немесе басқа себептермен
тамаққа су кету.
2. Ұйқыдағы адамға су ішкізу.
3. Ауыр жұмыста жүрген кезде ауырып қалу немесе
өзіне бір зиян тиюінен қорқып оразасын бұзуы.
4. Ұмытып бір нәрсе ішіп-жеген кезде «оразам
бұзылды» деген оймен ішіп-жеуді жалғастыру.
5. Түнде ниет ете алмай күндіз ниет еткен адамның
бұған көңілі толмай ішіп-жеуі.
6. «Күн батты» деп жаңылысып, аузын ашса, бірақ
күннің одан кейін батқанын білсе, оразасын бұзғаны
үшін, тек қана қазасын өтейді. Сәресіде тамақ ішіп
отырған кезде таң уақыты кірсе дереу аузындағысын
шығарса, ораза бұзылмайды.
7. Түнде оразаға ниеттеніп, бірақ таң ертең жолға
шығып, жолда оразасын бұзатын болса.
8. Түнде ораза ұстауға ниеттенген жолаушының
тұрғын болуға ниеттенгеннен кейін жеуі.
Бір адам Рамазан айынан тыс біле тұра оразасын
ішіп-жеу, зайыбына жақындау арқылы бұзса, Рамазан
айында болмағаны үшін тек қана қазасын өтейді.