332
Ислам ғылымхалы
бірінен азын алдырса, садақа беру керек. (Толығын
қажылық бөлімінен қараңыз).
5. Ант кәффараты
Аллаһ атымен бір нәрсе үшін ант етіп, кейін осы
антын бұзған адамға кәффарат керек. Бұл – бір құлды
азат ету немесе он жоқ-жітіктің бір күндік азығын беру
немесе он жоқ-жітікті орташа киіммен киіндіру. Егер
де бұлардың ешбіріне күші жетпесе, үш күн қатар ораза
ұстау керек. Оразасын толық ұстай алмаған кезде қайта
басынан ұстау керек. Құранда: «Аллаһ анттарыңдағы
бос сөзді есепке алмайды. Алайда, біле тұра берген
анттарыңнан жауапкер етер. (Ант бұзсаңдар) оның
төлеуі: Үй-іштеріңе орта есеппен жегізетін он жарлы-
ны тамақтандыру не оларды киіндіру немесе бір құл
азат ету. Мұны таппаған біреу үш күн ораза ұстау»
354
–
делінген. Ант кәффараты үшін он кедейге пітір садақасы
өлшемінде бір нәрселер беруге болатыны сияқты, бір
кедейге он күн беруге де болады. Сонымен қатар, бір
кедейге он күн киім беруге де болады. Пайғамбарымыз
(с.а.у.) былай дейді: «Кімде-кім бір нәрсе үшін ант етіп,
кейін одан жақсысын көрсе, антын бұзып, кәффарат
берсін»
355
.
Ант түрлері
Ғамус анты
Жалған ант. Бір нәрсені біле тұра әдейі жалған ант
ету. Мысалы, біреудің қарызын бермегенін біле тұра,
354
Маида. 5/89.
355
Муслим, Иман, 15-16.