Previous Page  336 / 520 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 336 / 520 Next Page
Page Background

336

Ислам ғылымхалы

Атау түрлері

Атау екіге бөлінеді:

Бірінші – шартты атау.

Кейбір нәрселердің іске асуына байланысты атаулар.

Мысалы, «Осы дерттен бір құтылсам, ораза ұстайын»

деуі – шартты атау. Атаған адам науқасынан айыққан

жағдайда атауды іске асыру – уәжіп.

Шартты атаулар іс жүзеге аспай тұрып орындалса,

жарамсыз саналады. Мысалы, науқастан айықпай тұрып,

ораза ұстау.

Ханафи мәзһабында атаудың орындалуы үшін нақты

белгіленген күні емес, басқа күні ораза ұстауға болатыны

сияқты нәзірді аталған адамға яки аталған жерге емес,

басқа адамға, басқа жерге де бере алады. Яғни, белгілеген

күні емес, басқа күні ораза ұстауына, сол адамға емес,

басқа адамға беруіне, т.б. болады.

Екінші – шартсыз атаулар. Екіге бөлінеді:

1. Белгіленген атау. Ешқандай шартқа қатыссыз

белгілі бір уақытта іске асатын атаулар: «Осы аптаның

жұма түні жүз рәкат намаз оқиын» деп атағанындай.

Орындай алмаса, қазасын өтейді.

2. Белгіленбеген атау. Қандай да бір шартқа немесе

заманға қатыссыз жалпы атаулар. «Бір апта ораза

ұстайын» деуі осыған жатады.

Ал «Бірақ пәленшенің келуі үшін құрбан шаламын»

деу – дұрыс емес, үлкен күнә. Аллаһқа серік қосу.

Бір адам Аллаһ үшін құрбан атаса, оны өзінің отбасы,

ата-анасы жемейді. Жей қалған күнде құнын садақа етіп

тарату керек.