138
Қажылық
қасиетті Кітаптағы 114 сүренің осы 24 сүресін
«мәдинелік» деп атайды.
Нұрлы Мәдинаның 95 теңеуі бар: «Таиба»
(«Қошеметті»), «әл-Асыма» («Астана»), «Бейт Расул
Алла» («Алла Елшісінің Үйі»), «Дар әл-Фатх» («Бе-
ташар шаңырақ»), «Құббат әл-Ислам» («Исламның
күмбезі»), «Қалб әл-Иман» («Иманның жүрегі»), «Дар
әл-Сүнна» («Сүннеттің Ордасы») және т.б.
Пайғамбар мешітіне зиярат
Мұсылмандар Мұхаммед пайғамбардың (
с.а.с.
)
өмірімен тығыз байланысты үш мешітті – Меккедегі
«әл-Масжид әл-Харам», Мединедегі «әл-Мәсжид ән-
Нәбәуи» («Пайғамбар мешіті») және Иерусалимдегі
«әл-Масжид әл-Ақса» («Алыстағы мешітті») қасиетті
деп санайды.
Мұхаммед
пайғамбар
(
с.а.с.
)
Мәдинадағы
мешіттің құрылысына өзі тікелей қатысып, алғашқы
мұсылмандармен бірге саз балшық илеп, тастан кірпіш
қалаған.
Мешіт Алланың Елшісі (
с.а.с.
) алғаш рет Йәсриб
шаһарына келгенде түйесі шөккен жерге салынды.