141
Пайғамбар мешітіне кірген мұсылман өзін
салмақты, байсалды ұстайды. Кірген бетте мұсылман
былай дейді:
Оқылуы:
Ағуузи би-л-лаһи-л-азыым уә би-уәжһиһи-л-кәриим,
уә сұлтааниһи-л-қадиим мин аш-шайтаани-р-рәжиим.
би-исми-л-ла аллаһумма салли ғала Мүхәммәд уә әәлиһи
уә сәллим.
Мағынасы:
Алладан,оныңмейірімдіжүзінен,мәңгілікбилігінен
қарғыс атқан шайтанға қарсы күш сұраймын.
Алла атымен. Иә, Алла! Мұхаммедке және оның
әулетіне шапағатыңды жаудырып кошеметте.
Сосын қажы мешіттегі Пайғамбар зираты мен
мінбердің арасындағы «ар-Рауда аш-шарифа» деген
жерге келіп, «Тәхияту-л-мәсжид» («Мешітке сәлем
беру») намазын оқиды. Одан кейін Пайғамбар зираты-
на барып, былай деп дұға оқиды:
Бұл дұғаны Пайғамбар зираты жанында мұсылман
адам өзі еститін дауыспен оқиды. Пайғамбар қабірін
сүюге, қоршауын сипауға болмайды.