Previous Page  140 / 216 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 140 / 216 Next Page
Page Background

140

Қажылық

жаңадан салынған мұнаралардың биіктігі – 104 метр,

көнеден келе жатқан мұнаралар – 70 метр.

Мешіттің ескі бөлігінің үстінде жасыл күмбез

орналасқан. Бұл жерде Мұхаммед пайғамбарымыз

(

с.а.с.

) жерленген. Пайғамбардың қабірі өзі өмір сүрген

үйдің орнында салынған. Пайғамбар зиратында Ислам

тарихында әділ билік жүргізген төрт халифтың екеуі,

Мұхаммед пайғамбарымыздың (

с.а.с.

) ізбасарлары -

Әбу Бәкір мен Омар бин әл-Хаттаб жерленген.

Пайғамбар зиратына бару сүннеткежатады. Сүннет

дегеніміз мұсылмандардың игілікті, жақсы істері.

Пайғамбар мешітіне зияратты қажылықтық алдында

да, соңында да жасауға болады. Әдетте мұсылмандар

қажылықтан соң зиярат қылады.

Мәдина мүнәууәраға келген бетте қажы бірден

Пайғамбар мешітіне барады. Өйткені «Кім Пайғамбар

мешітіне барып, қырық намаз оқыса, сол адам тозақ

отына күймейді, көр азабын көрмейді, күнәсі

кешіріледі» деген нақыл сөз бар.