Previous Page  139 / 216 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 139 / 216 Next Page
Page Background

139

Оның ұзындығы 70 қадам, ені – 60 қадам, ал биіктігі –

5 қадам болды.

Кейінһижражыл санауының7-ші жылыМұхаммед

пайғамбар (

с.а.с.

) мешіттің ауданын 10 мың шаршы

қадамға дейін ұлғайтып, биіктігін 7 қадамға көтеріп,

пальманың бұтақтарымен шатырлаған. Мешіттің үш

қақпасы болған, бірі – Иерусалим (әл-Құдыс) жаққа

қараған. Ол кезде мешіттің құбыланы көрсететін мих-

рабы болмаған. Содан Алла тағаладан уахи сөз келіп,

мұсылмандарға Меккедегі Кағбаға қарап намаз оқуға

әмір еткен. Мұхаммед пайғамбар (

с.а.с.

) мешіттің Мек-

кеге қарайтын төртінші қақпасын жасап, Иерусалим

қақпасын бекітіп тастаған. Бұл оқиға Бадр құдығы

жанындағы шайқастан екі күн бұрын болған еді. Осы

шайқаста мұсылмандар алғаш рет жеңіске жетті.

Алғашқы кезде мешітте мінбер де болған емес,

Мұхаммедпайғамбар(

с.а.с.

)пальмаағашыныңдіңгегіне

шығып, уағыз айтқан. Кейін мұсылмандардың біреуі

төрт баспалдақтан тұратынмінбер орнатқан.Мұхаммед

пайғамбар (

с.а.с.

) мінбердің үшінші баспалдағында

тұрып, уағыз айтқанды ұнатқан. Ғасырлар өткен сайын

мешіттің мінберлері де жаңғырып тұрған. Айта кететін

жайт – һижра жыл санауының 664 жылы біздің баба-

мыз – Мысыр мен Шамды билеген Сұлтан аз-Захир

Бейбарыс Пайғамбар мешітіне жаңа мінбер жасатып,

ол 794 жылға дейін сақталып келген.

Пайғамбар мешіті өз тарихында бірнеше рет

жөндеуден өткен. Соңғы рет жөндеу және кеңейту

жұмыстары өткен ғасырдың 80-ші жылдары болған.

Қазір мешіттің ауқымы – 235 мың шаршы метрді алып

жатыр. Мешіттің ортасындағы ашық бөлігінің шаты-

ры ашылып жабылады. Мешіттің 10 мұнарасы бар,