159
Осман бин Ғаффан
Осман бин Ғаффан – Ислам тарихында аттары ал-
тын әріппен жазылған төрт халифтың үшіншісі.
Осман бин Ғаффан Мұхаммед пайғамбарымыздың
(
с.а.с.
) руласы болып келеді. Олар Әбу Манаф ата-
дан қосылады. Абд Манафтан Һишам (баласы), Абд
әл-Мұталіб (немересі), Абдалла (шөбересі), одан
Мұхаммед пайғамбарымыз (
с.а.с.
) туса, Абд Манафтың
екінші баласы Абд Шамстен Омея, одан Ғаффан, одан
Осман тарайды.
Сонымен қатарОсман бин Ғаффан сүйекжаңартып,
Мұхаммед пайғамбарымыздың (
с.а.с.
) қызы Рұқияны,
кейін ол қайтыс болғасын тағы бір қызы Үммү Күлсімді
алған. Пайғамбарымыздың (
с.а.с.
) қыздарына үйленген
Осман бин Ғаффанды арабтар «Екі нұрдың иегері» деп
атаған.
Осман бин Ғаффан халифатқа билік еткен 644-656
жылдарыАлла тағаланыңМұхаммедпайғамбарымызға
(
с.а.с.
) айтқан ақиқат сөздері аяттар мен сүрелер болып
жинақталып, қасиетті Құран кәрім кітабы алғаш рет
жарық көреді.Міне, сол кезден бастапмұсылмандардың
қасиетті кітабы ешбір өзгеріске түспей, ұрпақтан
ұрпаққа таралып келе жатыр.
«әл-Бақиғ» зиратында мұсылман Осман бин
Ғаффанға былай деп сәлем береді: