Previous Page  163 / 216 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 163 / 216 Next Page
Page Background

163

Ихрамның ифрад және қиран түрлері қажылықка

байланысты болса, таматтұғ умраға қатысты. Құран

кәрімде «Қажылық - белгілі айлар» деген аят бар. Сол

қажылық айларына Шәууәл, Зү-л-қағда және Зү-л-

хижжә айлары жатады. Қажылық мезгілі Шәууәлдан

басталып, «әййәм әт-тәшриқ» күндерінен аяқталады.

Міне, қажылық айларынан басқа уақытта Меккеге ба-

рып, сүбхана Алла тағалаға құлшылық етуді - умра

дейді.

Сонымен умра жасау үшін мұсылман адам ихрам

хал-күйіне түседі, әл-Кағбаны жеті рет айналады, яғни

тауафты орындайды. Сосын ас-Сафа мен әл-Мәруә ара-

сында жеті рет жүгіреді, яғни сағиды орындайды. Одан

кейін шашын қысқартып, не алып, умраны аяқтайды.

Соңғы жылдары Сауд Арабиясы мен Қазақстан

арасындағы ынтымақтастық едәуір дамып келеді.

Мекке мен Мәдина қасиетті қалалары бар осы елге

іссапармен келіп жатқан қазақстандықтардың да саны

жылдан жылға өсуде. Өзін мұсылман санайтын, бірақ

жастайынан діни тәрбие алып көрмеген бауырлары-

мыз Сауд Арабиясына келгенде Меккеге барып, Алла

тағаланың Үйі - Кағбаны көруге, кіші қажылық - умра-

ны жасауға ниет етеді. Мұхаммед пайғамбарымыз

(

с.а.с.

) жүрген қасиетті жерлерді көргеннен кейін, елге

оралып, мұсылманға жат қылықтарын тастап, Алла

тағаланың ақиқат жолына түскендер қаншама. Алайда

бұрын намазға жығылып көрмеген олар Сауд Арабия-

сына алғаш рет келгенде мұсылманның бес парызының

қыр-сырын білгісі келеді. Сондықтан келесі тарауды

салихалы мұсылман болғысы келетін Қазақстан аза-

маттарына арнадық.