Previous Page  162 / 216 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 162 / 216 Next Page
Page Background

162

Қажылық

Умра

Умра – кіші қажылық. Умра - жылдың кез-келген

уақытында Меккеге барып, сүбхана Алла тағалаға

құлшылық етіп, қажылық жасау. Умра - қажылық

секілді мұсылманның парызына жатпайды, бірақ умра

жасаған мұсылман сауапқа ие болады, сондықтан

умраны сүннетке жатқызады.

Умра – үш әркәннан (бөлімнен) тұрады: ихрам,

тауаф, сағи.

Ихрам – қасиетті жерге аяқ басып, ақ киім киіп,

сүбхана Алла тағалаға құлшылық ететін хал-күй

екені баршамызға мәлім. Енді ихрамның үш түріне

тоқталайық:

Ифрад – қажылық кезіндегі ихрам хал-күйіне

түсу.

Қиран, оның екі жағдайы бар:

а) Умра мен қажылықты бірге жасауға ниет етіп,

ихрам хал-күйіне түсу.

ә) Алдымен умра жасау үшін ихрам хал-күйіне

түседі, сосын оны қажылық жасауға ниет етіп

жалғастырады.

3) Таматтұғ – қажылық айларына дейін умра жа-

сау үшін ихрам хал-күйіне түсу.