Previous Page  168 / 216 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 168 / 216 Next Page
Page Background

168

Қажылық

пайғамбарларды сайлаған. Жаратқан Иеміз адамдарға

қанша пайғамбар жібергенін бір Алла тағаланың өзі

біледі. Кейбір деректерге қарағанда 124 мың пайғамбар

болған көрінеді. Пайғамбар – парсының сөзі, араб-

тар оны рәсүл, не нәби деп айтады. Рәсүл дегеніміз

Жәбірейіл періште арқылы Алла тағаланың қасиетті

жазуын алған елші-пайғамбар, нәби дегеніміз Алла

тағаланың сөзін естіген пайғамбар. Мұсылмандар

Адам Ата, Нұх, Ибраһим, Исмайыл, Исхақ, Жақып,

Айуб, Жүніс, Сүлеймен, Дауд, Салық, Лұт, Һуд,

Шұғайыб, Ілияс,

Жүсіп, Идрис, Зикрия, Жақия,

Мұса, Иса, Мұхаммед (

ғалейһим ас-салат уә-с-сәләм

)

пайғамбарлардың есімдерін қадір тұтады. Міне, осы

пайғамбарлардың болғанына иман келтіру керек.