174
Қажылық
Шариғат заңы бойынша зекетті мына адамдарға
береді:
Пақыр адам, яғни бар тапқан-таянғаны, мал-
мүлкі, табысы бip жылда өзін-өзі асырауға жетпейтін
мұсылман адам.
Мүсәпір адам, яғни ештеңесі жоқ сіңірі шыққан ке-
дей.
3) Жұмысшылар, оларға кеңсе қызметкерлері, хат
тасушылар, зекетті жинаушылар жатады.
4) Ислам дінін қабыл алуға ниет білдірген адам.
Еркіндікке жіберілген құл. (Алайда, бұл топтағы
адамдар құлдық дәуір кезінде өмір сүрген.)
Қарызданушы, яғни қарызын өтеуге шамасы
жетпейтін мұсылман адам. Егер қарыз алған адам бар
ақшасын ішімдікке, не мұсылманға тән емес істерге
салса, онда ол адамға зекет берілмейді.
Алла жолында күрескен жауынгер.
Туғанжерінеқайтуғапұлыжоқжат елдікмұсылман
адам.
Зекет пітір зекеті және байлық зекеті болып екі
үлкен топқа бөлінеді. Ал байлық зекеті іштей бес түрге
бөлінеді: күміс пен алтыннан алынатын зекет, егін
өнімдерінен алынатын зекет, сауда саттық тауарла-
рынан алынатын зекет, малдан алынатын зекет және
қазба-байлықтан алынатын зекет.
Айт күні әрбір мұсылман пітір зекетін беруге
міндетті. Мұсылман пітір зекетін өзі үшін, қарт әке-
шешесі үшін, әйелі мен кішкентай балалары үшін,
үй қызметкерлері мен күтушілері үшін береді. Пітір
зекетін Рамадан айының соңғы күні кешінен келесі
күні айт намазы басталғанша дейін берген абзал бо-