169
«
Уә-л-йәуми-л-ахири
» – «Ақырет күніне иман
келтірдім». Сүбхана Алла тағала пайғамбарлар арқылы
адамдарға Ақырет күнінің болатынын ескерткен.
Ақырет күнінің белгілері – Жер бетінде зұлымдық
күшейіп, аспанды қою түтін қаптайды. Күн батыстан
шығады.
Сөйтіп, ақырзаманның алғашқы кезеңі – саға ба-
сталады. Саға кезеңінде төрт қанатты, денесін жүн
қаптаған, сан мыңдаған аузы мен көзі бар, аяғы жер-
де, басы аспанда, алып тұлғалы Ысрапыл періште
Иерусалимдегі қасиетті жартаста тұрып, керней тар-
тады. Кернейдің даусынан жұлдыздар ағып, теңіздер
тасып, таулар сілкініп, адамдар өледі. Сондықтан күн
күркіреп, найзағай жарқылдағанда ата-бабамыз «Аста-
пыралла» («Исрафил-у-л-ла» - «Алла жіберген Ысра-
пыл періште») деп, ақырзаман орнаған шығар деп шо-
шынып, «
Лә иләһә илла-л-ла, Мүхәммәд рәсүлү-л-ла
»
деп мұсылмандықтарын білдірген.
Одан кейін ақырзаманның екінші кезеңі – «йәуму-
л-қияма» («Қиямет күні» немесе «Көрден тұру күні»)
басталады. Ысрапыл періште екінші рет кернейін
тартқанда Адам Атадан бері Жер бетінде өмір сүрген
адамдар қайтадан тіріліп, бір жерге жиналады, жина-
латын жерді «махшар» деп атайды. Адамдар қара терге
түсіп, Алла тағаланың алдында ұзақ тұрады.
Үшінші кезең–«йәуму-д-дин».ДінкүніАлла тағала
адамдардан Бұл дүниеде не жасағандарын сұрайды.
Періштелер Жаратқан Иеге адамдардың жақсы-жаман
істері жазылған кітаптарын әкеліп береді. Адамның
кінәлары мен игі істері таразыға салынып өлшенеді.
Үлкен суаттың жанында Мұхаммед пайғамбарымыз
(
с.а.с.
) адамдарды қарсы алып, кейбір тақуалы