Previous Page  175 / 216 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 175 / 216 Next Page
Page Background

175

лады. Пітір зекетін кез-келген мүсәпір, тақыр кедей

мұсылманға береді.

Байлықтан алынатын зекеттің мөлшерін нысаб

дейді. Алтын мен күмістен алынатын нысаб тек қана

асыл тастарға қатысты емес, сол сияқты ол бағалы

қағаздарға, ақшаға да қатысты. Алтын мен күміс

құнының 2,5 пайызы зекет мөлшері - нысаб болып са-

налады.

Егін өнімдерінен алынатын зекет әр елде әртүрлі.

Мысалы, Мағриб елінде жиырмаға жуық дәнді-

дақылдардан зекет алынады. Олар: бидай, арпа,

сәлт (қабығы жоқ арпа), тары, темекі, күріш, бұршақ

тұқымдастардың жеті түрі - (хуммус) түрік бұршағы,

полба (Арабияда өсетін бір қауыздың ішінде екі дәні

бар бидайдың түрі), ірі бұршақ, үрме бұршақ, қасқыр

бұршақ, шабындықта өсетін ұсақ бұршақ, бәсила (жас

бұршақ). Сонымен қатар төрт түрлі майлы өсімдік:

зәйтүн, күнжіт, жабайы запыран, қызыл шалғам және

жемістің екі түрі: құрма мен жүзім.

Мұхаммед пайғамбарымыз (

с.а.с.

) «егін өнімдері-

нен зекет алғанда әрбір дәнді, әрбір жемісті өлшеудің

қажеті жоқ, олардың салмағы бес уасыққа жетсе бол-

ды» деген екен. Уасық – сусымалы денелердің салмақ

өлшемі, ол алпыс сағадан тұрады. Бір сағада төрт мүдд

бар, ал бір мүдд 18,7 литрге тең.

Сонда бес уасық дегеніміз 4500 литр (кг). Міне,

егін өнімдерінің әрбір 4500 кг-нан зекет беру керек.

Зекет мөлшері, яғни нысаб екі жағдайға байланысты

болады:

Егер егін өнімдері жауын, бұлақ, өзен суларымен

қоректеніп өссе, онда бұл өнімнің оннан бір бөлігі зе-