Previous Page  181 / 216 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 181 / 216 Next Page
Page Background

181

95, 103, 85, 73, 101, 99, 82 81, 53, 84, 100, 79, 77, 78, 88, 89,

75, 83, 69, 51, 52 56, 70, 55, 112, 109, 113, 114, 1;

Екінші кезеңдегі меккелік сүрелер: 54, 37, 71, 76,

44, 50, 20, 26, 15, 19, 38, 36, 43, 72, 67, 23, 21, 25, 17, 27,

18;

Үшінші кезеңдегі меккелік сүрелер: 32, 41, 45, 16,

30, 11, 14, 12, 40, 28, 39, 29, 31, 42, 10, 34, 35, 7, 46, 6, 13;

Мәдинелік сүрелер: 2, 98, 64, 62, 8, 47, 3, 61, 57, 4,

65, 59, 33, 63, 24, 58, 22, 48, 66, 60, 110, 49, 9, 5.

Мұхаммед пайғамбарымыздың (

с.а.с.

) тірі

кезінде Алла тағаланың сөзі қағаз бетіне түспей,

ауызша тараған. Алланың сөздерін жатқа білетін

мұсылмандарды «қари» деп атаған. Алайда, Мұхаммед

пайғамбар (

с.а.с.

) қайтыс болғаннан кейін қасиетті

сөздердің жоғалып кету қаупі төнеді. Сондықтан Әбу

Бәкір халиф Мұхаммед пайғамбардың (

с.а.с.

) хатшысы

болған Зәид ибн Сәбитке Алла тағаланың сөзін жинап,

кітап етіп құрастыруды аманаттайды. Үшінші халиф

Осман тұсында Зәид ибн Сәбит көмекшілерімен бірге

Құранды төрт дана кітап етіп, жазып шығады. Осман

халиф төрт дана кітапты заңды Құран деп жариялап,

Мәдине, Димашық, Куфа, Басра қалаларында сақтауға

әмір етеді.

Құранды дауыстап оқуға жеңіл болу үшін 30

бөлімге бөліп оқиды. Бөлімді арабтар «жүз-үн» деп

атайды, ал қазақтар арасында бұл ұғым «сипәре», неме-

се «пара» деген сөзбен кең тараған. Сондай-ақ Құран 60

хизбке (бөлікке) бөлінеді. Бір пара екі хизбтен тұрады.

Мешітте хизбті оқитын адамды хәззәб деп атайды.

Сонымен, араб тілін білмейтін мұсылмандарға

Құранды оқу мүмкін болу үшін араб сөздерін қазақ

тіліндегі әріптерге бейнелеп, транскрипция арқылы