Previous Page  176 / 216 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 176 / 216 Next Page
Page Background

176

Қажылық

кет мөлшері болып саналады. Сонда әрбір 4500 кг-ның

450 кг-ын нысабқа береді.

Ал егер егін өнімдері шелекпен, не су диірмені

арқылы суландырылса, онда оның - бөлігі жиырмадан

бір бөлігі нысабқа жатады.

Малдан алынатын зекет түйе, сиыр, қой, үй жа-

нуарларына байланысты. Түйеден алынатын зекет

мөлшері мынадай:

5 түйеге бір қозы, 10 түйеге екі қозы, 15 түйеге үш

қозы, 20 түйеге төрт қозы, 24 түйеге де төрт қозы да, ал

25 түйеге нар бота береді.

Екі жылда 36 түйеге сүт бота берсе, төрт жылда

46 түйеге қарабайыр түйе береді. Бес жылда 61 түйеге

тайлақ, екі жылда 76 түйеге екі сүт бота береді.

Әрбір төрт жылда 91 түйеге екі қарабайыр түйе,

121 түйеге екі қарабайыр түйе немесе үш сүт бота, 129

түйеге де екі қарабайыр түйе немесе үш сүт бота, ал 130

түйеге екі сүт бота мен бір қарабайыр түйе, 140 түйеге

екі қарабайыр түйе мен бір сүт бота,150 түйеге үш

қарабайыр түйе, 160 түйеге төрт сүт бота, 200 түйеге

төрт қарабайыр түйе немесе бес сүт ботаны береді.

Егер мұсылманның 29 сиыры бар болса, онда ол

зекет бермейді. Ал 30 сиыры болса, онда ол екі жылда

бір бұзау, төртінші жылдан бастап әрбір 40 сиырға бір

сиыр, 60 сиырға екі бұзау, 70 сиырға сиыр мен бұзау, 80

сиырға екі сиыр, 90 сиырға үш бұзау береді.

39 қойға дейін зекет алынбайды. Жыл сайын 40

қойдан 120 қойға дейін бір қой, 121 қойдан 200 қойға

дейін екі қой, 201 қойдан 399 қойға дейін үш қой, 400

қойға төрт қой, 500 қойға бес қой зекет мөлшері алы-

нады.