Previous Page  171 / 216 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 171 / 216 Next Page
Page Background

171

Мұсылман құдіретті де күшті Алла тағаланың

алдында тұрып, оған мақтау айтып, кешірім сұрайды,

дұға оқиды. Алла тағала намаз кезінде мұсылманның

дұғасын қабыл алады. Намаз адамды жан және тән

тазалығына тәрбиелейді.

Мұсылман адам күніне бес уақыт намаз оқиды.

Әр намаз белгілі бip уақытта оқылады: Памдат намазы

күншығыс жақ ағараңдағаннан бастап күн шыққанға

дейінгі уақыт аралығында оқылады. Бeciн намазы күн

аспан төрінен қисайғаннан бастап күн батуға тақалған

уақытқа дейін оқылады. Намаздыгер намазы күн

батуға тақалған кезден күн батқанша оқылады. На-

мазшам намазы күн батқан бойдан ымырт үйірілгенше

оқылады. Құтпан намазы ымырт үйірілгеннен бастап

таң арайланғанға дейін уақыт аралығында оқылады.

Одан басқа жұма күні мешітте оқылатын жұма на-

мазы, ұзақ жолға шыққанда оқылатын сапар намазы.

Құрбан және Ораза мейрам күндері оқылатын айт на-

мазы, мұсылман қайтыс болғанда оқылатын жаназа на-

мазы, Paмадан айында оқылатын тарауых намазы бар.

Намаздың алдында мұсылман адам дәрет ала-

ды. Дәрет алудың eкі түpi бар: үлкен дәрет алу және

кіші дәрет алу. Ислам дінін қабылдап, алғаш рет намаз

оқитын адам, намаздың алдында жыныстық қатынаста

болған адам, eтеккірі келген әйел, жаңа босанған

әйел үлкен дәрет алады. Ол үшін алдымен қолды үш

мәрте жуып, сосын ұятты жерлерді жуады. Өзен суы-

на сүңгіп, шомылу арқылы немесе су сепкіш астында

тұрып үлкен дәрет алады, яғни «ғұсыл» жасайды.

Ал қалған жағдайдың барлығында мұсылман

адам кіші дәрет алады. Ең алдымен «

би-исми-л-лаһи-р-

рахмани-р-рахиим

» («қайырымды, рақымды Алла аты-