177
Қазба-байлықтан алынатын зекет Жер астынан
табылған алтын, күміс секілді бағалы тастарға бай-
ланысты. Осы табылған қазба-байлықтың бестен бір
бөлігі – зекет мөлшері болып саналады.
Ораза ұстау
дегеніміз күн атқаннан батқанға
дейін тағамнан, сусыннан, темекі шегуден, жыныстық
қатынасқа түсуден бас тартып, Алла тағалаға жақын
болуға ниет қылу.
Ораза – Адам Атадан (
ғ.с.
) келе жатқан көне
ғибадат. Құран кәрімдегі «әл-Бақара» сүресінің 183-
аятында «Сендерге дейін болғандардың маңдайларына
жазылғандай иман келтірген сендерге де ораза ұстау
маңдайларыңа жазылған. Бәлкім, сендер тақуалы
боларсыңдар» делінген.
Ораза ұстаудың діни, денсаулық, әлеуметтік
жақсы жақтары бар. Ораза жыл сайын бір ай бойы адам-
ды рухани, тәни тазалыққа тәрбиелеп, адамгершілікке
баулиды. Ораза кезінде мұсылман Алла тағаланың
шапағатына ие болып, күнәлары кешіріледі.
Рамадан айында ораза ұстау әрбір ақыл-есі дұрыс,
кәмелетке толған, ораза ұстауға денсаулығы жарамды,
мұсылманның парызы. Ораза кезінде әйел етеккірден
және босанғаннан кейін болатын қаннан таза болу ке-
рек. Ауру адам, аштық пен шөл денсаулығына әсер
ететін қарт адам, төрт бурудтан астам шақырымға
(буруд - Пайғамбар кезіндегі қашықтық өлшемі, ол
12 мильге тең, сонда 4 буруд дегеніміз 160 км) сапар
шегетін, әрі сол сапар кезінде бір жерде төрт күндей
түнемейтін адам, аяғы ауыр немесе бала емізетін әйел,
жаңа босанған, не етеккірі келген әйел Рамадан кезінде
ораза ұстаудан босатылады.